Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери
есепке алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003
жылғы 12 қыркүйектегі № 925 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 08.12.03 ж. № 1242; 06.09.04 ж. № 936; 2005.30.06 № 662 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 21 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды әскери есепке алу ережесi бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарында әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды есепке алу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 563 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында, мекемелерi мен оқу орындарында әскери мiндеттiлер мен шақырылушыларды есепке алу жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 6 мамырдағы № 564 қаулысы;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 20 мамырдағы № 558-28 қаулысы.
3. Осы қаулы ресми түрде жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының