Кемелердің портқа кіру мен порттан шығу, порт акваториясы шегінде кемелердің жүзу мен портта тұру, сондай-ақ тасымалдаушылардың технологиялық байланысты пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 217-І Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кемелердің портқа кіру мен порттан шығу, порт акваториясы шегінде кемелердің жүзу мен портта тұру, сондай-ақ тасымалдаушылардың технологиялық байланысты пайдалану ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ. Уандықов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б. Әбілғазинге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
Көлік және коммуникация
министрдің міндетін атқарушының
2005 жылғы 22 маусымдағы
№ 217-І бұйрығымен бекітілген
Кемелердің портқа кіру мен порттан шығу, порт акваториясы шегінде кемелердің жүзу мен портта тұру, сондай-ақ тасымалдаушылардың технологиялық байланысты пайдалану
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердің портқа кіру мен порттан шығу, порт акваториясы шегінде кемелердің жүзу мен портта тұру, сондай-ақ тасымалдаушылардың технологиялық байланысты пайдалану ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ереже кемелердің порт акваториясы мен оларға кіреберістердегі жүзу мен тұру тәртібіне қатысты талаптарды, сондай-ақ тасымалдаушылардың технологиялық байланысты пайдалану тәртібін анықтайды.