Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 шілдедегі № 773 Қаулысы
(2012.07.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Үкiметтiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетi туралы ережеде:
10-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi абзацындағы "және адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсету" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерінің күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының