(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттік
кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң
мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібі туралы Ереженi бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы
16 тамыздағы № 1022 қаулысы

Осы редакция 2005 ж. 20 шілдеде өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттік кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібі туралы Ережесi бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

1996 жылғы 16 тамыздағы

№ 1022 қаулысымен

Бекiтiлген

 

ЕРЕЖЕ

Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс

белгiлерiнiң мемлекеттік кадастрын және Техногендiк

минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастрын

жүргiзу тәртібі туралы

 

1. Осы Ереже пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс белгiлерiнiң мемлекеттік кадастрын және Техногендiк минералдық түзiлiмдердiң мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібін (бұдан әрi - Мемлекеттік кадастрлар) белгiлейдi.

2. Мемлекеттік кадастрлар жүргiзу жер қойнауының Мемлекеттік қорының жағдайын есепке алу жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.

3. Мемлекеттік кадастрларды Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі мен оның аумақтық органдары жер қойнауын геологиялық зерделеудiң республикалық және аймақтық бағдарламаларын әзiрлеу үшiн, жер қойнауы мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ету және минералдық шикiзатты ұтымды кешендi пайдалану мақсатында жүргiзедi.

 

Пайдалы қазбалар кен орындарының және көрiнiс-белгiлерiнiң

мемлекеттік кадастрын жүргiзу тәртібі

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.