«Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 Қаулысы (2011.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын және ұсыну мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 25 маусымдағы № 224 Қаулысы

(2011.28.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 147 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 131 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

«Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 6)-тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 1-1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.03.09. № 131 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2011.28.10. № 170 Қаулысымен (бұр.ред.қара) (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 30 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы қаулының қосымшасына сәйкес банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті ұсынады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.