«Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері
жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен
операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2005 жылғы
6 маусымдағы № 65 Қаулысы
(2006.11.03. берілген толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы № 135 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілері жүзеге асыратын сатып алынған борыштық бағалы қағаздармен операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бухгалтерлік есеп департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, сақтандыру брокерлеріне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары осы қаулыны алған күннен бастап жеті күндік мерзімде оны банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына жіберсін.