Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 15 маусымдағы № 208-а Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды
«Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған Кемелердiң, салдардың және өзге де жүзу объектiлерiнiң айлаққа келуiне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелi құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсiру, жүктердi тиеу, түсiру және сақтау ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігінiң Су көлiгi департаментi (Б.Қ. Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеу үшiн ұсынсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация вице-министрi Т.Б. Әбiлғазинге жүктелсiн.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған сәтiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр | Қ. Нағманов |
Көлiк және коммуникация
министрінің
2005 жылғы 15 маусымдағы
№ 208-А бұйрығымен
бекітілген