Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 791 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 133 Қаулысымен күші жойылды
Отандық тауар өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркiн қойма» кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 355 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркiн қойма» кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 22, 23, 24, 25, 26, 27-жолдармен толықтырылсын: