Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2005 ж. 1 тамыз)

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын
қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi
перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы

 

Жарлықтың жобасы ҚР Үкіметінің 2005.01.08. № 799 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгiзiлді

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.

2. Осы Жарлық 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

Н.Ә. Назарбаев

 

Астана, Ақорда 2005 жылғы

N

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2005 жылғы "__"_______

N_____ Жарлығымен

мақұлданған

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын

қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi

перспективаға арналған тұжырымдамасы

 

1. Кiрiспе

 

Бүгiнгі таңда қазақстан экономикасының жай-күйi тұтастай алғанда елеулi дәрежеде табиғи ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет түсiмдерiнiң табиғи ресурстарға қазіргi елеулi тәуелділігі мемлекет алдына Қазақстанның болашағына байланысты бірқатар мәселелердi қояды. Бiрiншiден, бұл бiздiң табиғи байлықтарымызды олардың орны толмауына байланысты пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның күрт әрi алдын ала болжанбаған секiруiне тәуелділігін төмендету мәселесi.

Осы мәселелердi шешу үшiн "Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 23 тамыздағы Жарлығымен Ұлттық қор құрылды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.