Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2002 жылғы 3 тамыздағы № 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 13 маусымдағы № 173 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең аз
резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2002 жылғы
3 тамыздағы № 300 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 13 маусымдағы
№ 173 Қаулысы

 

ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2006.27.05. № 38 Қаулысымен күші жойылды

 

Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең аз резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2002 жылғы 3 тамыздағы № 300 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 12 қыркүйекте № 1974 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 21 қазанда - 3 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ең аз резервтік талаптар туралы ережеде:

1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Ең аз резервтік талаптардың белгілі бір күнге мөлшері резервтік талаптар нормативінің мәнін банктің осы күнге резервтік міндеттемелерінің көлеміне көбейту арқылы айқындалады.

Банктің резервтік міндеттемелері:

банктің сыртқы міндеттемелері мен сыртқы резервтік активтерінің сомалары арасындағы оң айырмасының;

банктің ішкі міндеттемелерінің сомасы ретінде есептеледі.

Сыртқы (ішкі) міндеттемелерді есептеген кезде басқа банктердің алдындағы міндеттемелер алынып тасталады.

Резервтік талаптар нормативінің мәнін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) белгілейді.

2. Банктің сыртқы міндеттемелері резидент еместердің алдында мынадай міндеттемелердің баланстық құны бойынша сомасы ретінде есептеледі:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.