24-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету

24-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
 
Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету

 

Осы стандарт 1986 жылғы 1 қаңтардан немесе осы күннен кейін басталатын  кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.

 

Мазмұны

 

24-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

 

Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету

 

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

АНЫҚТАМАЛАР

БАЙЛАНЫСТЫ ТАРАПТАРҒА ҚАТЫСТЫ

МӘСЕЛЕЛЕР

АҚПАРАТТЫ АШЫП КӨРСЕТУ

КҮШІНЕ ЕНЕТІН КҮН 

 

24-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету

    24-«Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету»Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты (24-ХБЕС) 1-26-параграфтарда баяндалған. Барлық параграфтардың күші бірдей, бірақ ХБЕСК стандартының форматын сақтайды, ал бұл стандартты ХБЕСБ қабылдаған. 24-«Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына алғысөз» ХБЕС-ын және «Қаржы есептілігін әзірлеу мен ұсыну тұжырымдамасына» сабақтастыра оқу керек. Олар егжей-тегжейлі басшылық жоқ кезде есеп саясатын таңдау мен қолдану үшін негіз қамтамасыз етеді.

Қолданылу саласы

 

1.       Осы стандарт байланысты тараптар және есеп беруші кәсіпорын мен онымен байланысты тараптар арасындағы операциялар жөнінде қолданылуға тиіс. Осы стандарт талаптары есеп беруші әрбір кәсіпорынның қаржы есептілігіне қолданылады.

 2.       Осы стандарт талаптары байланысты тараптармен 3-параграфта сипатталған және 6-параграфта дәлденген өзара қатынастарға ғана қолданылады.

3.       Осы стандарт тек байланысты тараптармен төмендегі (а)-(е) тармақшаларда сипатталған өзара қатынастарға ғана қолданылады:

(а)        есеп беруші кәсіпорынды тікелей немесе жанама, бір немесе одан көп делдалдар арқылы бақылайтын, не соның бақылауында болатын, не онымен бірге жалпы бақылауда болатын кәсіпорын. (Оларға холдинг компаниялары, еншілес кәсіпорындар және бір бас кәсіпорынның бақылауында болатын еншілес кәсіпорындар жатады);

(b)     қауымдастырылған кәсіпорындар (қараңыз: 28-«Қауымдастырылған кәсіп-орындарға инвестицияларды есепке алу» ХБЕС);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.