«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № 835 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы
 № 281 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 тамыздағы № 835 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін және өкілдiк шығындардың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулысына мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде:

2-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiмен көзделген жағдайларда" деген сөздер алынып тасталсын;

7-тармақтың бiрiншi абзацы "Премьер-Министрінің шешiмiмен ресiмделетiн" деген сөздерден кейiн "iс-шараларға қатысу үшiн Қазақстан Республикасына шақырылатын тұлғалардың қонақ үйде тұруына және баратын пунктiне дейiнгi көлiктiк шығындарына ақы төлеуге," деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.