«Кейбір нормативтік-құқықтық актілердің күші жойылған
деп тану және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 14 маусымдағы
№ 159-ө бұйрығының күшін жою туралы»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің 2005 жылғы 5 тамыздағы № 210-ө Бұйрығы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына және "Медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 20 шiлдедегi № 750 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген "Мүгедектердi әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi жөніндегі нормативтiк-құқықтық актiлердi iске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi мiндетiн атқарушының 2002 жылғы 1 тамыздағы № 174-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1937 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтiк-құқықтық актілері бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, № 34, 675-құжат);