"Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысу әдістемесі туралы нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Басқармасының 2002 ж. 3 маусымдағы № 213 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.11.02 ж. № 467;21.03.03 ж. № 97;
07.05.03 ж. № 151; 16.02.04 ж. № 36; 26.05.04 ж. № 149 ; 2004.27.12 № 390
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 25 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004.27.12 . № 390 қаулысымен атауы жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004.27.12 . № 390 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара)
1. Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәні және есеп айырысудың ұсынылып отырған әдістемесі туралы Нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық)
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004.27.12 . № 390 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді . ( бұр. ред. қара)
2. Осы қаулының 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізілетін Нұсқаулықтың 12-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, 2002 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енеді.
ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004.27.12 . № 390 қаулысымен 2-1-тармақ өзгертілді (.бұр. ред қара)