26-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік

26-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
 
Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік

 

Осы стандарт 1988 жылдың 1 қаңтарынан немесе сол күннен кейін басталатын кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін қолданысқа енгізіледі

 

Мазмұны

 

26-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

АНЫҚТАМАЛАР

БЕЛГІЛЕНГЕН ЖАРНАЛАРЫ БАР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖОСПАРЛАРЫ

БЕЛГІЛЕНГЕН ТӨЛЕМДЕРІ БАР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖОСПАРЛАРЫ

ТИЕСІЛІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІНІҢ АКТУАРЛЫ КЕЛТІРІЛГЕН ҚҰНЫ 

АКТУАРЛЫҚ БАҒАЛАУЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖИІЛІГІ

ЕСЕПТІЛІК МАЗМҰНЫ

БАРЛЫҚ ЖОСПАРЛАР

ЖОСПАР АКТИВТЕРІН БАҒАЛАУ

АҚПАРАТТЫ АШУ

КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ

 

26-Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты

 

Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік

 

26-«Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік» халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты (26-ХБЕС) 1-37-параграфтарда баяндалған. Барлық параграфтардың бірдей күші бар, бірақ осы стандартты ХБЕСБ қабылдаса да ХБЕСК стандартының форматын сақтайды. 26-ХБЕС «Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына алғысөзге» және «Қаржы есептілігін ұзірлеу мен ұсыну тұжырымдамасына» сабақтастыра оқу керек. Ежгей-тегжейлі нұсқама болмағанда бұлар есеп саясатын таңдау мен қолдану негізін қамтамасыз етеді.

Қолданылу саласы

 

1.       Зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік үшін бұл стандарт осы тектес есептілік жасалатын жерде қолданылуға тиіс.

2. Зейнетақы жоспарлары кейде өзгеше аталады, мысалы, «зейнетақы схемалары», «еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы схемалары» немесе «зейнетақы төлемдерінің схемалары» деп аталады. Осы стандарт зейнетақы жоспарын оған қатысушы жұмыс берушілерден бөлек есеп беретін объект ретінде қарастырады. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарының қалғандарының бұрі зейнетақы жоспарлары бойынша есептілікке осы стандарттың ережелері қамтымайтын жағдайларда қолданылады.

3.       Осы стандарт топ ретінде тұтас алғанда барлық қатысушылар үшін жоспар бойынша есепке алу мен есеп беруге қатысты болады. Жекелеген қатысушылардың құқығы жөнінде жоспарға қатысушы олар үшін есеп беруге оның ешбір қатысы болмайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.