«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Жоба (2005 ж. 11 тамыз) (күші жойылды)

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
 
Жеке кәсiпкерлiк туралы

 

Қабылданды - 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124-III ҚР Заңын қара

 

ҚР Үкіметінің 2005.11.08. № 827 Қаулысымен ҚР Парламентi Мәжілісiнiң қарауына енгiзiлді

 

Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың жеке кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруымен байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, негiзгi құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк шарттар мен Қазақстан Республикасындағы жеке кәсiпкерлiк қызметтің еркiндігін қамтамасыз ететін кепілдiктердi айқындайды.

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар

Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) кәсіпкерлер бірлестiктерiн аккредиттеу - тиiстi мемлекеттік органдардың жеке кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң мүдделерiн бiлдiруге кәсіпкерлер бірлестiктерiнiң заңи құқықтарын тануы;

2) бизнес-инкубатор - жеке кәсiпкерлiк субъектілерiне құқықтық, ұйымдық, ақпараттық-консалтингтiк, қаржылық қызметтердi ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшiн құрылатын заңды ұйым;

3) жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау - жеке кәсiпкерлiктi дамытуды ынталандыру, Қазақстан Республикасындағы кәсiпкерлiк бастамаларды iске асыру үшiн қолайлы құқықтық экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік шаралар кешенi;

4) мемлекеттік бақылау - жеке кәсiпкерлiк субъектілерi қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндетті талаптарына сәйкестiгiне мемлекеттік органдардың тексеру жүргізуi;

5) жеке кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi (жеке кәсiпкерлiк субъектілерi) - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалары, шетел немесе азаматтығы жоқ адамдар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.