«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 тамыздағы № 846 Қаулысы (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 тамыздағы № 846 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерiн мүлiктiк жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 10, 111-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың шаруашылық жүргiзуiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктi, оның iшiнде жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектілерін мүлiктік жалға беру ережесінде:

3-тармақтың 3) тармақшасында «мекемелер» деген сөзден кейiн», сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан астам пайызы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындар мен заңды тұлғалар» деген сөздермен толықтырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледі.