«Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөнінде орталықтандырылған деректер банкін құру туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 5-желтоқсандағы № 67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі № 37 Бұйрығы (күші жойылды)

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөнінде
орталықтандырылған деректер банкін құру туралы» Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2003 жылғы 5-желтоқсандағы № 67 бұйрығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 13 шілдедегі № 37 Бұйрығы

 

ҚР Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі № 53 Бұйрығымен күші жойылды

 

Әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасаған тұлғаларды есепке алуды жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөнінде орталықтандырылған деректер банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 5-желтоқсандағы № 67 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі Реестрде № 2606 тіркелген, нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудегі Реестрде № 2958 тіркелген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2004 жылғы 27-маусымдағы № 25 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және толықтырулармен) келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

осы бұйрықпен бекітілген "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөнінде орталықтандырылған деректер банкін жүргізу туралы" Нұсқаулыққа:

6-тармақтың екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:

"Кәртішке (қағаз жүзінде) ақпараттық есепке алу құжаты болып табылады. Кәртішкеге қол қойған тұлға оның шындылығына, толықтығына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз уақытылы ұсынылуына жауапты";

7-тармақ келесі мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:

"Журнал нөмірленген, тігілген және мөрмен басылған болу керек. Жазбалар толық енгізіледі, қате жіберілген жазбалар талқыланып, жауапты тұлғаның қолымен қойылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.