34-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты Аралық қаржы есептілігі

34-ХБЕС Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарты
 
Аралық қаржы есептілігі

    Осы стандарт 1999 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын қаржы есептілігі үшін күшіне енеді.

   2000 жылы сәуірде С қосымшасының 7-параграфы 40-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік» ХБЕС қабылдануына байланысты өзгерді.

Кіріспе

1.       Осы стандарт (34-ХБЕС) өткен Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында қаралмаған аралық қаржы есептілігіне қатысты. 34-ХБЕС 1999 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейінгі есептік кезеңдер үшін күшіне енеді.

2.       Аралық қаржы есептілігі - бұл кәсіпорынның толық қаржы жылымен салыстырғандағы неғұрлым ықшамдалған кезең үшін толық немесе ықшамдалған қаржылық есептер жиынтығынан тұратын қаржы есептілігі.

3.       Осы стандарт қәсіпорындардың қайсысының аралық кезең аяқталғаннан кейін жиі-жиі және жақын уақытта аралық қаржы есептілігін жариялауы тиіс екендігін белгілемейді. ХБЕСК-нің пікірінше бұл мәселелерді ұлттық билік органдары, бағалы қағаздар айналысын реттейтін органдар, қор биржалары және бухгалтерлік ұйымдар шешуі тиіс. Осы стандарт егер кәсіпорын Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес аралық қаржы есептілігін жариялауды қажет еткен немесе жариялауды шешкен жағдайда қолданылады.

4.       Осы стандарт:

(а) ақпарат ашуды қоса алғанда, аралық қаржы есептілігінің ең аз құрамын белгілейді; және

(b) аралық қаржы есептілігінде қолданылуы тиіс бухгалтерлік тану және өлшеу принциптерін белгілейді.

5.       Аралық қаржы есептілігінің ең аз құрамы: ықшамдалған баланстан, пайдалар және зияндар туралы ықшамдалған есептен, ақша қаражатының қозғалысы туралы ықшамдалған есептен, меншікті капиталға өзгерістерді көрсететін ықшамдалған есептен және ішінара ақпараттары бар түсіндірме жазбадан тұрады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.