2) көрсетiлген қаулымен бекітілген Санитарлық, экологиялық және тау-кен-техникалық қадағалау органдарының, сондай-ақ мемэнергия қадағалау органының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмiнде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және мемлекеттік энергетикалық қадағалау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;
«I. Санитарлық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;
10 және 18-тармақтар алынып тасталсын;
«II. Экологиялық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы органдардың қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергіш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтеді.»;
8-тармақ алынып тасталсын;
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда).»;
«III. Тау-кен техникалық қадағалау қорытындысы қажет, лицензиялайтын жұмыстар мен қызмет түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өнеркәсiп қауiпсiздiгi органдарының қорытындысы қажет, лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнеркәсiптiк жарылу-өртену қаупi бар және тау-кен өндiрiстерiн, гидротехникалық құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнiмдерi құбырларын, көтергiш құрылыстарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс iстейтiн қазандықтарды, сауыттар мен өткiзгiш құбырларды жобалау және пайдалану. Өндiрiстердiң, жабдықтардың, объектiлердiң, жұмыстардың (қызметтердiң) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Минералдық шикiзатты өңдеу (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн тiзбе бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды өңдеудi қоспағанда).»;
«IV. Мемэнергияқадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерiнiң тiзiмi» деген бөлiмде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын қызмет түрлерiнiң тiзбесi».
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.