«Тауарларды декларациялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы
20 мамырдағы № 221 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 8 тамыздағы № 294 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 388-бабына сәйкес, кедендік ресімдеуді жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарларды декларациялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 20 мамырдағы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2297 болып тіркелген, «Ресми газетте» 2003 жылғы 26 шілдеде № 30 болып жарияланған) № 221 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген кезеңдік декларациялау рәсімдерін қолдана отырып тауарларды кедендік ресімдеу ережесінде:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: