Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (2005 ж. 26 тамыз)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ
арасындағы
Қарыз туралы келісім

 

(Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабылеттілігін арттыру жобасы)

 

2005 жылғы _________

 

№ 4774-KZ қарыз

 

ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ

 

2006 жылғы 5 шілдедегі № 161-III ҚР Заңымен ратификацияланды

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Қарыз алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚAЙTA ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI (Банк) арасындағы 2005 жылғы 26 тамыздағы КЕЛIСIМ.

Қарыз алушы осы Келісімнiң № 2 қосымшасында сипатталған жобаның (Жоба) орындауға болатындығына және басымдығына көз жеткiзiп, осы Жобаны қаржыландыруға көмек көрсетудi Банктен сұрағанын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

жоғарыда айтылғанның негiзiнде бұдан басқа, осы Келісімде көзделген шарттармен Банктiң Қарыз алушыға Қарыз беруге келiскенiн НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;

ОСЫМЕН тараптар төмендегi туралы уағдаласты:

 

I-БАП

 

Жалпы шарттар; Анықтамалар

 

1.01-бөлiм. Банктің 1995 жылғы 30 мамырдағы (2004 жылғы 1 мамырдағы редакциямен) "Қарыздар және бiр валюталы қарыздар үшiн кепiлдiктер туралы келiсімдерге қолданылатын жалпы шарттар" (Жалпы шарттар) осы Келісімнiң ажырамас бөлігін құрайды.

1.02-бөлiм. Егер түпмәтiннен өзгеше туындамаса, Жалпы шарттармен осы Келісімнiң Кiрiспесiнде анықталған кейбір терминдер бекітілген ұғымдарға сәйкес келедi, ал қосымша терминдер мынадай мағынаны сонда бiлдiредi:

(а) "ҮО" - Қарыз алушы құратын және осы Келісімнiң 2-қосымшасы D.2 Құрауышында көрсетiлген үйлестіру орталығы;

(b) "КГС" - осы Жобаның А.2, В.2 және C.1 (ііі) және С.2 (iii) Құрауыштарында айтылған мақсаттарда Операциялық басшылыққа сәйкес құрылған конкурстық гранттар сызбасы (одан әрі мәтiн бойынша анықталған);

(с) "КГС бойынша Сенім бiлдiрiлген өкіл" - КГС шеңберiнде Қарыз алушы үшiн Сенім бiлдiрiлген өкіл ретiнде әрекет ететiн Банк үшiн қолайлы қаржылық ұйым;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.