«Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 778 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды
деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі № 778 Қаулысы

 

"Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 7 мамырдағы № 2975 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 16 мамырдағы № 1573 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2005 жылғы 27 шiлдедегi

№ 778 қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған

кейбір шешiмдерiнiң тiзбесi

 

1. "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 16 қарашадағы № 4153 Жарлығын орындау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 4 желтоқсандағы № 1240 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 45, 407-құжат).

2. "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасында көрсетiлген шараларды iске асыру жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 17 сәуірдегі № 423 қаулысы.

3. "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнiндегі 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 289 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 13, 141-құжат).

4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 қыркүйектегi № 982 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 39, 399-құжат).

5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 21 наурыздағы № 289 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 8 сәуірдегі № 388 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 16, 204-құжат).