13-ТТК түсіндірмесі Бірлесе бақыланатын кәсіпорындар - бірлескен қызметке қатысушылардың монетарлық емес салымдары

ТТК Түсіндірмелер жөніндегі

тұрақты комитет

13-ТТК
түсіндірмесі
 
Бірлесе бақыланатын кәсіпорындар - бірлескен қызметке
қатысушылардың монетарлық емес салымдары

   1-«Қаржы есептілігін ұсыну»ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес».  ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.   

   Сілтеме: 31-«Бірлескен қызметке қатысу туралы қаржы есептілігі» ХБЕС.

МӘСЕЛЕ

1.      31.39-ХБЕС бірлескен қызметке қатысушылар мен бірлескен қызмет арасындағы сату жөніндегі салымдарды да, мәмілелерді де былайша қарайды: «Бірлескен қызметке қатысушы бірлескен қызметке активтер салған немесе оларды бірлескен қызметке сатқан кезде операциялар бойынша пайданың немесе залалдың кез келген бөлігін мойындау оның мазмұнын көрсетуге тиіс». Сонымен бірге, 31.19-ХБЕС-да «бірлесе бақыланатын кәсіпорын - бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысының өз қатысу үлесі болатын корпорация, серіктестік немесе өзге кәсіпорын құруды көздейтін бірлескен қызмет» делінген. Мұнда бірлесе бақыланатын кәсіпорынға («ББК») монетарлы емес активтер салудың нәтижесінде пайда болатын өзге пайдалар мен залалдарды мойындау жөнінде айқын басшылық жоқ. 

2.         ББК-ға салымдар - бірлескен қызметке қатысушылардың ББК-ның меншікті капиталына қатысу үлесіне айырбас ретінде активтерді беруі. Ондай салымдар түрлі нысанда болуы мүмкін. Бірлескен қызметке қатысушылар салымдарды не ББК-ның құрылуымен бір мезгілде, не кейінірек сала алады. Бірлескен қызметке қатысушы(лар) ББК-ға салынған активтерге айырбас ретінде алған өтемге сондай-ақ ақша қаражаты немесе ББК-ның ақша қаражатының болашақ ағындарына байланысты емес өзге өтем («қосымша өтем») кіруі мүмкін.

3.      Мәселе мынада:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.