(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИК. МИН. 1998.20.11. № 242 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасының телекоммуникациялар желілерінде
электрбайланысы қызметін көрсету туралы Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар министрлігі 1998 жылғы 20 қарашадағы
№ 242 бұйрығы

 

Осы редакция 2005 ж. 2 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

Қазақстан Республикасы телекоммуникацияларының өзара жалғанған желісі, жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желісін, сондай-ақ ведомстволық желілері мен жеке операторлардың қосылу желілерін өзіне қосады. Операторлар арасында жедел-техникалық өзара іс-қимыл жасау кезінде қызметтік келіссөздер (қызметтік ақпараттармен алмасу) жүргізу үшін телекоммуникациялар құралдарын ұсынуды реттеу қажеттігіне байланысты, Бұйырамын:

1. "Қазақстан Республикасының өзара жалғанған телекоммуникациялар желілерінде электрбайланысы қызметін көрсету ережелері" (1 қосымша) және пәтерде орнатылған қызметтік телефонмен тегін пайдалану құқығы берілетін электрбайланысы ұйымы қызметкерлерінің тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық акті ұсынылсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Почта және телекоммуникациялар департаментіне жүктелсін (А.Қ. Нәсиев).

Министр

Қазақстан Республикасының өзара байланыстырылған

телекоммуникациялар желісінде

қызметтік электр байланысты беру

Ережелері

 

1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасында қызметтік электр байланысты беру тәртібін анықтайды және әрекеті Қазақстан Республикасының өзара байланыстырылған телекоммуникациялар желісіне (ӨТЖ) кіретін, ведомстволық қарастылығына және телекоммуникациялар құралдарына меншік нысаны мен операторлардың ұйымдастыру-құқықтық нысанына қатыссыз, барлық операторларға таралатын ведомстволық нормативтік құқықтық акті болып табылады.

Ескерту: Қызметтік электр байланыс - телекоммуникациялар желілерінде технологиялық үдерістерді ұйымдастыру үшін, сондай-ақ оларды оперативті-техникалық және әкімшілік басқару үшін электр байланыс қызмет көрсетулерін ұсыну және пайдалану.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.