12-ТТК түсіндірмесі Шоғырландыру - арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар

ТТК                            Түсіндірмелер жөніндегі    

тұрақты комитет

________________________

12-ТТК
Түсіндірмесі

 

Шоғырландыру - арнаулы мақсаттағы кәсіпорындар

   1-«Қаржы есептілігін         ұсыну» ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес».  ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.

Сілтеме: 27-«Шоғырландырылған қаржы есептілігі және еншілес кәсіпорындарға инвестицияларды есепке алу»ХБЕС.

МӘСЕЛЕ

1.      Кәсіпорын тар өрісті және айқын белгіленген мақсатты орындау үшін (мысалы, жалгерлікті, зерттеулер мен талдамалар жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін немесе қаржы активтерін секьюритизациялау үшін) құрылуы мүмкін. Арнаулы мақсаттағы ондай кәсіпорын («АМК») корпорация, сенімгерлік қор, серіктестік немесе инкорпорациялық емес кәсіпорын нысанында болуы мүмкін. АМК өзінің басшы органының, сенімгерлік басқарушының немесе басшылықтың АМК жөнінде шешімдер қабылдау жөніндегі уәкілеттіктеріне қатаң және, кейде тұрақты шектеулер қоятын заңдық шарттармен жиі құрылады. Ондай шарттар көбінесе АМК-ның ағымдағы қызметіне басшылық жасау саясатын оның құрылтайшысынан немесе демеушісінен басқа ешкімнің өзгерте алмауын көздейді (яғни олар «автопилот» дейтінде жұмыс істейді).

2.      Демеуші (немесе АМК өз атынан құрылған кәсіпорын) активтерді АМК-на жиі аударады, АМК ұстайтын активтерді пайдалану құқығына ие болады, немесе АМК-на қызметтер көрсетеді, ал басқа тараптар («капитал беруші») АМК-ның қаржыландырылуын қамтамасыз ете алады. АМК-мен операциялар жасайтын кәсіпорын (көбінесе құрылтайшы немесе демеуші) іс жүзінде АМК-ын бақылай алады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.