ТТК Түсіндірмелер жөніндегі
тұрақты комитет
_________________________
19-ТТК
Түсіндірмесі
Есептілік валютасы - 21-ХБЕС және 29-ХБЕС
Сәйкес өлшеу және қаржылық есептілікті ұсыну
1-«Қаржы есептілігін ұсыну» ХБЕС-ның 11-параграфына сәйкес «қаржы есептілігі қолданылатын әрбір стандарттың және Түсіндірмелер жөніндегі тұрақты комитеттің қолданылатын әрбір түсіндірмесінің барлық талаптарына сәйкес келмесе, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келетін есептеме ретінде сипатталуға тиіс емес». ТТК түсіндірмелері елеулі емес баптарға қолдануға арналмаған.
Сілтеме:21-“Валюталардың айырбас бағамдары өзгеруінің әсері” ХБЕС және 29-"Гиперинфляциялық экономика жағдайларындағы қаржы есептілігі" ХБЕС (1).
МӘСЕЛЕ
1. 21-ХБЕС-ның 4-параграфында, осы стандарттың кәсіпорын есептілік ұсынуы тиіс валютасын белгілемейтініне қарамастан, кәсіпорынның әдетте өзі тұрақты келген елдің валютасын пайдаланатыны көрсетіледі. 21-ХБЕС "есептілік валютасы" термині қаржылық есептілік ұсынылған кезде қолданылған валюта ретінде айқындалатындықтан, кәсіпорын қолданатын есептілік валютасы сондай-ақ қаржылық есептіліктегі бухгалтерлік өлшеуге елеулі әсер етеді.