Ұлттық ақпараттық супермагистраль салуды аяқтау жоспарланып отыр, ол байланыстың, көліктiк ортаның жоғары сапалы цифрлы арналарын ұсыну негiзiнде республикада телекоммуникациялар рыногын дамытуды қамтамасыз етедi, сондай-ақ әлемдiк телекоммуникация рыногында ұлттық бәсекеге қабiлеттіліктi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
Өңiрлiк, әсiресе ауылдық жерлердегi инфрақұрылымды техникалық жайластырудың деңгейiн арттыруға және қазiргi заманғы банктік өнiмдер мен Интернетке бағдарланған қызметтердi енгізу есебiнен қызметтер аясын кеңейтуге бағытталған почта-жинақ жүйесiн дамыту жалғасады. Халық пен экономиканың нақты секторының субъектiлерi үшін «электронды үкiмет» жүйесiне және Интернеттің ақпараттық ресурстарына ұжымдық қол жеткізу пункттерi ұйымдастырылады, почта төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін жеке банкомат желісі мен POS-терминалдар құрылады, қалалар мен аудандар деңгейiнде почта байланысы бөлiмшелерi базасында заңды және жеке тұлғалар үшiн бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу жөніндегі трансфер-агенттiк пункттер ашылады.
2-Бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған
мемлекеттік реттеушілері
* Базалық зейнетақы төлемі 2005 жылғы 1 шілдеден бастап енгізіледі
** шетелдік жұмыс күшін тартуға квота болжамы көшіп келген еңбекшілерді ескергенде, Қазақстан Республикасының экономикалық белсенді халқы санының 0,28%-ы ретінде есептеледі
ескерту:
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған және айлық есептік көрсеткіштің еселенуі арқылы есептеледі;
Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес тауарлар мен қызметтер импортына кедендік тарифтердің өзгеруі қажеттілігіне қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітіледі;
өнімдер (жұмыстар, қызметтер) өндіруге арналған стандарттар «Стандарттау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 7-тармағына сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіппен бекітіледі.
Мұнайдың 2006-2008 жылдарға арналған есептік
тұрақты әлемдік бағалары
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтер
(тауарлары, жұмыстары) бағаларының және тарифтерінің
шекті өсуінің 2006-2008 жылдарға арналған болжамы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 3 маусымдағы
№ 560 қаулысымен
Мақұлданды
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық
дамуының 2006-2008 жылдарға арналған маңызды
көрсеткіштері
*3000 теңге мөлшеріндегі базалық зейнетақы төлемі 2005 жылғы 1 шілдеден бастап төленеді