«Темір жол бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 14 шілдедегі № 358 Бұйрығы (күші жойылды)

Темір жол бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 14 шілдедегі № 358 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 28 шілдедегі № 551 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар бекітілсiн:

1) «Жолаушылар вагондарын күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»;

2) «Жолаушылар вагондарын жабдықтау және техникалық қызмет көрсету пункттерiн күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар«.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуге жiберсiн.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткеннен кейiн ресми жариялауға жолдасын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi А.А. Белоногқа жүктелсiн.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Министрдiң

мiндетiн атқарушы

 

«КЕЛIСIЛГЕН»

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің м.а.

2005 жылғы 25 шілде

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау Министрінің

м.а.  2005 жылғы 14 шілдедегі

№  358 бұйрығымен

бекітілген

 

«Жолаушылар вагондарын күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын

санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық

ережелері мен нормалары

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.