Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 882 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 маусымдағы № 674 Қаулысымен күші жойылды
Автомобиль өнеркәсiбiн дамыту және отандық машина жасауды тұрақты дамыту үшін қосымша инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тауарларды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 15 қазандағы № 1054 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 42, 440-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулымен бекiтілген Тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiнде:
«СЭҚ TH коды» деген бағанындағы «8703-жолда көрсетiлген тауарлардан басқа, 8702-8704» деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын:
«8703, 8702, 8704-жолдарда көрсетілген тауарлардан басқа, 8702-8704»;
мына:
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
«осы тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерi iрi ауқымды инвестициялық жобаларды iске асыру шеңберiнде өндiрiлген 8702, 8704 тауар позицияларына ғана қолданылады.
Бұл ретте iрi ауқымды инвестициялық жоба деп тауар өндiрiсiнің басталатын күнiне негiзгi капиталға кемiнде 0,5 млрд. теңге инвестициялаған заңды тұлға жүзеге асыратын қазiргi заманғы автомобиль көлiгi құралдары мен автомобиль құрамдас бөлiктерiн шығару үшін өндiрiс қуаттарын құру немесе дамыту жөніндегі жоба түсiндiрiледi.
Инвестициялардың көлемін аудиторлық есеппен растау қажет».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.