Азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған
бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға,
коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметтi лицензиялау
жөніндегі біліктiлiк талаптарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 16 шілдедегі № 787 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.01.04 ж. № 57 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған азаматтық пиротехникалық заттарды және олардың қолданылуымен жасалған бұйымдарды әзiрлеуге, өндiруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға байланысты қызметтi лицензиялау жөніндегі біліктiлiк талаптары бекiтілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының