«Қазақстан Республикасында iш сүзегi мен қылау ауруларының алдын алу және
оларды азайту жөніндегі шаралар туралы »
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 ж. 29 наурыздағы № 293 бұйрығы
Iш сүзегi мен қылауға қарсы күрес шараларын жетілдіру, халықтың аурушандығын одан әрі төмендету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) iш сүзегi мен А және В қылауларының клиникасы, диагносткасы және емдеу жөніндегі әдiстемелiк нұсқаулық;
2) iш сүзегi мен А және В қылауларының этиологиясы, эпидемиологиясы және олардың алдын алу жөніндегі җдiстемелiк нұсқаулық;
3) iш сүзегi мен А және В қылауларының микробиологиялық диагностикалау жөніндегі җдiстемелiк нұсқаулық..
2. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларың (департаменттерiнiн) басшылары:
1) жыл сайын iш сүзегi мен қылау ауруларына, сондай-ақ олардын алдын алу және ауруды азайту бойынша жасалған iс-шараларға түбегейлi талдау жасауды жүргiзсiн, нәтижесiн алқа мәжілістерінде қарасын;
2) емдеу-алдын алу ұйымдарыныә мамандары үшін iш сүзегi мен кылаудыә клиникасы, емдеу, алдын алу жөнінде семинар өткізсін.
3. Тиісті аумақтардағы, көлiктегi бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерлерi:
1) барлық сумен жабдықтау, кәрiз, сауда объектілерін тексерудi өткiзсiн, тексеру нәтижелерiн аумақ әкiмдерiне жеткiзiлсiн;
2) халықты аузсумен, тамақ өнiмдерiнiн кепiлдiк берiлген сапасын қамтамасыз ету мақсатында объектiлердiн санитарлық жай-күйiн жақсарту жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн;
3) санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары үшін эпидемиология, диагностика және Іш сүзегі мен қылаудың алдын алу жөнінде семинарлар өткізсін;
4) судың сапасы нашарлаған кезде санитарлық-гигиеналық аулды және жедел шаралардың қабылдануын бағалай отырып, орталықтандырылған, орталықтандырылуы бұзылуын сумен жабдықтау, жер бету суы кәздерiнiң ауызсу сапасын тұрақты түрде зертханалық тексерудi қамтамасыз етсiн;