«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/26 Қаулысы (2014.09.12. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау рәсімі туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/26 Қаулысы

(2014.09.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2014.09.12. № 23-251 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 54-бабына, «Қазақстан Республикасы Конституциясы 41-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1998 жылғы 9 қазандағы № 9/2 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2014.09.12. № 23-251 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның (бұдан әрі - лингвистикалық комиссия) қорытындысымен, азамат өзін-өзі ұсыну туралы өтініш берген не республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырысының кандидатты ұсыну туралы хаттамасының үзіндісі кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса тапсырылған сәттен бастап бес күнтізбелік күн ішінде айқындалады.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2014.09.12. № 23-251 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін тексеруді лингвистикалық комиссия бір күнтізбелік күн ішінде жүргізеді. Отырысты өткізу күні мен уақытын лингвистикалық комиссия Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатпен келісім бойынша айқындайды.

3. Мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау үшін:

1) лингвистикалық комиссия ұсынған тақырып бойынша көлемі екі беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.