«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы кезекті сайлауына байланысты
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенім білдірілген
адамдарын тіркеу туралы»
Қазакстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының
2005 жылғы 8 қыркүйектегі №13/28 қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заны 12-бабының 1), 5) және 8) тармакшаларына, 13-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, 14-бабының 2) тармақшасына, 31-бабына сәйкес Қазакстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Аумақтық сайлау комиссиялары Қазакстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың (бұдан әрі - кандидаттар) сенім білдірілген адамдарын кандидаттар ұсынған тізімдердің негізінде тіркеуді және оларға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 23 тамыздағы №11/23 қаулысымен белгіленген нысандар бойынша куәліктер беруді қамтамасыз ететін болып белгіленсін.