«Лицензияның күшін тоқтата тұру туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 16 тамыздағы
№ 219 Бұйрығы
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы заңының 22-бабының 3-тармағын және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 11-бабын басшылыққа ала отырып,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Мемлекетгік қызметке тұру кезеңіне адвокаттық қызметпен айналысу кұқығына берілген мына адамдардың мемлекеттік лицензияларының күші тоқтатыла тұрсын:
Ақмола облысы бойынша:
Төлемыс Мұқашевтың № 0005585 13.05.2004 ж.
Жамбыл облысы бойынша:
Гауһар Оразқызы Метерқұлованың № 0000855 17.03.1999 ж.
Қарағанды облысы бойынша:
Елена Анатольевна Воробьеваның № 0002301 17.03.1999 ж.
2. Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстық әділет департаменттері осы бұйрықты жоғарыда көрсетілген адамдардың сондай-ақ облыстық адвокаттар алқаларының, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.