«Табиғат пайдалануға арналған рұқсат беру бланкісін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
2005 жылғы 12 тамыздағы № 223-ө Бұйрығы
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 наурыздағы № 94-ө Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі "Қоршаған ортаны ластауға арналған рұқсат беру ережесін бекіту туралы" № 1154 (2004 жылғы 28 қазанындағы № 1104 өзгертулермен толықтырулармен) қаулысына сәйкес және қоршаған ортаны қорғау саласында рұқсат беру жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген табиғат пайдалануға арналған рұқсат беру бланкісі бекітілсін.
2. Экологиялық сараптама және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, облыстық, қалалық (Астана, Алматы) аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары табиғат пайдалануға рұқсат беру кезінде бекітілген рұқсат бланкісін қатаң сақтасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ж. Бекжановқа жүктелсін.
4. Бұл бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан он күнтізбелік өткен соң күшіне енеді.
Министрдің
міндетін атқарушы