Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекіту туралы
ҚР Президентінің 2011 жылғы 25 шілдедегі № 127 Жарлығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереже бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қолдансын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлігіне жүктелсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 ж. қыркүйектің 6-сы.
№ 1642
Президентінің
2005 жылғы 6 қыркүйектегi
№ 1642 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы
ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы осы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткерудiң тәртібі мен шарттарын регламенттейдi.
1. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерi және осы Ереже құрайды.
2. Осы Ережеде қаржы полициясы органдарының қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде айқындалған ұғымдар пайдаланылады.
3. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызметте болған уақыты олардың жалпы еңбек өтіліне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтілiне есептеледi.