«Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 530 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 346 Бұйрығы (күші жойылды)

«Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 530 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің 2005 жылғы
29 шілдедегі № 346 Бұйрығы

 

ҚР Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 Бұйрығымен күші жойылды

 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 530 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 15 қаңтарда № 2672 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 25 ақпанда № 2714 болып тіркелген 2004 жылғы 25 ақпандағы және Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 20 желтоқсанда № 2388 болып тіркелген 2004 жылғы 25 қарашадағы № 606 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізудің ережелерінде:

1) 1-тармақ "(бұдан әрі - міндетті зейнетақы жарналары)" деген сөздер "және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар (бұдан әрі - әлеуметтік аударымдар)" деген сөздермен толықтырылсын;

2) 2-тармақта:

"жарналарының" деген сөзден кейін ", әлеуметтік аударымдар" деген сөздермен толықтырылсын;

"4" деген сан "4-1" деген санмен толықтырылсын;

3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің есебі Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.";

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.