«Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қыркүйектегі № 935 Қаулысы (2006.15.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Предыдущая страница

ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 869 Қаулысымен 78-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

78. Ереженiң 65-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, негізсiз алынған табыстың сомасы (НТ) мынадай формула бойынша айқындалады:

HT = З, мұндағы:

З - бекітілген тарифтiк сметада ескерiлген жалпы шығындармен салыстырғанда шығындарды жалпы игермеу, теңге.

79. Табиғи монополия субъектiсiнiң уақытша өтемдiк тариф (баға, алым ставкасы) қолданысы кезеңiнде алатын табысы жылдық амортизация сомасының елу пайызын алып тастағанда реттелiп көрсетілетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн қажеттi шығындардың құнынан төмен болмауға тиiс.

Табиғи монополия субъектісi уақытша өтемдiк тариф (бaғa, алым ставкасы) қолданысы кезеңiнде алатын табысты айқындау үшiн, тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең төменгi ықтимал шектi деңгейi (Тшек) мынадай формула бойынша есептеледi:

T x V - (П+ 0,5 х А)

Тшек =  _______________________, мұндағы:

V

Тшек. - тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең төменгi ықтимал шектi деңгейi, теңге;

T - уәкілеттi орган бекiткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;

V - бекітілген тарифтiк сметада ескерiлген реттелiп көрсетілетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) табиғи монополияның тиiсті саласында заттай көрсеткіштердегі жылдық көлемi;

П - бекітiлген тарифтiк сметада ескерiлген пайда, теңге;

А - бекітілген тарифтiк сметада ескерiлген жылдық амортизация, теңге.

80. Уақытша өктемдiк тариф (баға, алым ставкасы) (Төтем) мынадай формула бойынша айқындалады:

T x V - НТ

Төтем = ________________, мұндағы:

V

Төтем. - уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы), теңге.

T - уәкiлетті орган бекiткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;

V - бекітілген тарифтiк сметада ескерiлген реттеліп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) табиғи монополияның тиiстi саласында заттай көрсеткiштердегi жылдық көлемi.

81. Уәкiлеттi орган уақытша өтемдiк тарифтің (бағаның, алым ставкасының) қолданыс кезеңiн айқындайды (бұдан әрі - қолданыс кезеңi):

1) егер Төтем < Тшек болған жағдайда қолданыс кезең мынадай формула бойынша айқындалады:

НТ

№ = _________________, мұндағы:

(Т-Тшек.) х V

№ - уақытша өтемек тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) қолданылу кезеңі;

Төтем - уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасы), теңге;

Т - уәкiлетті орган бекiткен тариф (баға, алым ставкасы), теңге;

Тшек - тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең төменгi ықтимал шекті деңгейi, теңге;

V - бекітілген тарифтік сметада ескерілген реттеліп көрсетілетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың), табиғи монополияның тиiстi саласында заттай көрсеткiштердегі жылдық көлемi;

Уақытша өтемдiк тариф (баға, алым ставкасы) тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең төменгi ықтимал шектi деңгейiнің шегінде бекітіледi:

Төтем = Тшек;

2) егер Төтем > = Тшек болған жағдайда қолданылу кезеңi мынадай формула бойынша айқындалады:

НТ

№ = _________________.

(T-Төтем) х V

 

                                           Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінiң

                                          2005 жылғы 21 қыркүйектегі

                                              № 935 қаулысымен

                                                 бекітілген

                                 табиғи монополиялар субъектiлерiнiң

                                    қызметін мемлекеттік реттеудiң

                                        оңайлатылған ережесіне

                                               1-қосымша

Субъектiнің атауы _____________________________________________

 

____ жылға арналған ________________________ peттеліп көрсетілетiн

 

қызметке тарифтік смета

 

 

* шығындар қажет болған жағдайда ұлғаюы немесе толықтырылуы мүмкiн

Қолы _________________________________________

             Табиғи монополия субъектісiнiң басшысы

М.О. _______________

 

                                           Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінiң

                                          2005 жылғы 21 қыркүйектегі

                                              № 935 қаулысымен

                                                 бекітілген

                                 табиғи монополиялар субъектiлерiнiң

                                    қызметін мемлекеттік реттеудiң

                                        оңайлатылған ережесіне

                                               2-қосымша

 

Субъектiнің атауы _____________________________________________

____ жылғы ____________________________________________________

peттеліп көрсетілетiн қызметтерге арналған тарифтік сметаның

атқарылуы туралы есеп

 

 

ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 869 Қаулысымен 3-қосымшамен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2005 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 935 қаулысымен бекітілген

Табиғи монополиялар субъектілерінің

қызметін оңайлатылған

мемлекеттік реттеу ережесіне

3-қосымша

Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісінің атауы

____________________________________________________________________

Реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) арналған тарифтік смета

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

* шығындар қажет болған кезде кеңейтілуі немесе толықтырылуы мүмкін.

 

Қолы _______________________________________________________

 

табиғи монополия субъектісі басшысының Т.А.Ә.

 

М.О.