«Инвестиция және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2005 ж. 14 маусымдағы № 19-Г бұйрығы

«Инвестиция және құрылыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық
байқау бағдарламаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің
2005 ж. 14 маусымдағы № 19-Г  бұйрығы

 

Жалпымемлекеттік статистикалық байқау бағдарламаларын жетілдіру мақсатында және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы № 98-1 заңына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН

1. Қоса беріліп отырған жалпымемлекеттік статистикалык байқау бағдарламалары (нысандар және нұсқаулықтар) бекітілсін:

1) айлық кезенділіктегі:

№ 1-КҚ «Құрылыс ұйымдары орындаған жұмыстардың (қызметтердің) көлемі туралы есеп»;

№ 2-КҚ (құрылыс) «Объектілерді іске қосу туралы есеп»;

2) тоқсандық кезенділіктегі:

№ 1-инвест «Инвестициялар туралы есеп»;

№ 1-КҚ (шағын) «Құрылыс ұйымдары орындаған жұмыстардың (қызметтердің) көлемі

туралы есеп»;

3) жылдық кезенділіктегі:

№ 1-инвест «Инвестициялар туралы есеп»;

№1-КҚ (шағын) «Құрылыс ұйымдары орындаған жұмыстардың (қызметтердің) көлемі туралы есеп»;

№ 1-КҚ «Құрылыс ұйымдары орындаған жұмыстардың (қызметтердің) көлемі туралы есеп»;

№ 2-КҚ (құрылыс) «Объектілерді іске қосу туралы есеп»;

Ғ-ООЗ «Тұрғын үй құрылысын жүзеге асыратын құрылыс ұйымдарын зерттеу сауалдамасы».

2. Статистиканың облыстық (Астана мен Алматы қалалары) басқармаларының бастықтары жалпымемлекеттік статистикалық байқау бағдарламаларын:

1) № 1-КҚ (жедел-айлық) - негізгі қызмет түрі «Құрылыс» болып табылатын, жұмыс істеушілер саны 50 адамнан асатын заңды түлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне;

2) № 2-КҚ (құрылыс) (жедел-айлық) - заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына және құрылыс салушы өкілдіктерге;

3) № 1-инвест (тоқсандық) - жұмыс істеушілердің тізімдік саны 50 адамнан асатын заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне;

4) № 1 -КҚ (шағын) (тоқсандық) - негізгі қызмет түрі «Құрылыс» болып табылатын, жұмыс істеушілер саны 50 адамнан аспайтын заңды түлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.