«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (Жоба) (2005 ж. 30 қыркүйек) (күші жойылды)

Жоба

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
 
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»

 

ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 641 Қаулысымен кері қайтарып алынды

 

 

1-бап. «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегi Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 226-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:

1) 1-бапта:

мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

"5-1) ғылыми-зерттеу жұмыстары - iргелi және қолданбалы ғылыми

зерттеулер;

5-2) тәжірибелiк-конструкторлық жұмыстар - ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн өндiрiске тапсыруға дайындайтын жұмыстар, олардың нәтижесi пайдалы үлгіні жасау болып табылады;";

6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

"6) іргелі және базалық зерттеулер - жаңа білімдердi қолдануға немесе пайдалануға байланысты, қандай да бір ерекше немесе нақты мақсаты жоқ, табиғат құбылыстарына және қадағалау фактiлерiне қатысты жаңа білім алуға бағытталған эксперименталдық және теориялық қызмет;

7) қолданбалы зерттеулер - жаңа білім алу мақсатында қабылданған және нақты практикалық мақсаттарды немесе мiндеттердi шешуге бағытталған төлтума зерттеулер;";

9) тармақша алып тасталсын;

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"11) ғылыми ұйым - білімнiң белгiлі бір салаларында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйым;";

16) тармақшада:

"iрi ғылыми орталықтарының," деген сөздер алып тасталсын;

"республиканың" деген сөзден кейiн "тиiстi білім салаларында ғалымдары бap" деген сөздермен толықтырылсын;

17) тармақшаның бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:

"ғылым докторы - ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе философия докторы академиялық дәрежесi бар iзденушi көпшілік алдында диссертация қорғағаннан кейiн қабылданған диссертациялық кеңестiң қолдаухатының негiзiнде уәкiлетті мемлекеттік орган беретiн ғылыми дәреже;";

мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.