Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2005 ж. 4 қазан)

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің
2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2005.04.10. № 998 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізілді

 

Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен қауiпсiздігі міндеттерін шешуге ғарыш технологиялары мен техникасының қосатын үлесiн күшейту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінiң 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., № 1, 1-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту" мемлекеттік бағдарламасында:

"1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлімде:

"Қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi" деген кiшi бөлiмде:

"44364,3", "44064,3", "1732,6" деген цифрлар тиiсiнше "62768,72", "62468,72", "2232,6" деген цифрлармен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:

"МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құруға байланысты қаржы шығындары 18404,422 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде 2005 жылы - 500 млн. теңге, 2006 жылы - 1000,0 млн. теңге, 2007 жылы - 16904,422 млн. теңге;";

"Күтiлетiн нәтижелер" деген кiшi бөлiмнiң 2) тармақшасының бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"МИГ-31Д" ұшағының базасында "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенiн құру;";

"2. Кiрiспе" деген бөлім мынадай мазмұндағы жиырма үшiншi абзацпен толықтырылсын:

"АЗҒК - авиациялық зымыран-ғарыш кешенi;";

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.