Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 11 қазандағы № 1017 Қаулысы
(2007.06.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінiң 2013 жылғы 5 тамыздағы № 796 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі» деген бөлiмде:
«Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөніндегі комитетi» және «Әуе көлiгi» деген кiшi бөлiмдер мынадай редакцияда жазылсын: