«Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Мысыр Араб Республикасы
Білім министрлігі арасындағы білім саласы бойынша
Қарым-қатынастар туралы» келісім шарт
(1992 ж. 21 тамыз)
Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Білім министрлігі Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында достық қарым-қатынастарды дамытып, нығайту ниетімен, білім саласында біліктілік деңгейін көтеру және ортақ мақсаттар негізінде өз ара ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу ниетімен төмендегі мәселелер бойынша келісті:
Екі Тарап ғылым, білім саласындағы өз ара қарым-қатынастар және алмасуларын төмендегі мәселелер бойынша жүргізеді:
Білім саласының аса маңызды бағыттарындағы жетістіктері мен ондағы басқару, ұйымдастыру ісіндегі озық тәжірибе алмасу;
Ғылым мен технология саласындағы өз ара байланыстарды және қарым-қатынастарды нығайтып, олардың тиімділігін арттыру;
Студенттер, аспиранттар, оқытушылар, зерттеушілер мен ғалымдар алмасу.
Тараптар екі ел университеттері мен оқу мекенелерінің екі жақты келісім жасауы арқылы тікелей байланыс орнатып, қарымқатынас жасауына ұйытқы болады.
Тараптар ортақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді демеп, білім саласын дамытуға байланысты мағлуматтар алмасуға ұйытқы болады.
Мысыр тарапы жыл сайын өз университтерінде экономика, сауда, араб тілі мен әдебиеті, исламтану, сондай-ақ техника ғылымдары мен Қазақстан тарапының қажеттіне сәйкес келетін басқа да ғылым салаларына оқуға жалпы саны жиырма орын бөліп отырады.
Қазақстан тарапы Мысыр тарапының қажетіне сәйкес жыл сайын өз аспирантураларында оқып, ғылыми дәреже қорғау үшін жиырма орын бөліп отырады.
Екі Тарап жыл сайын өз қажетіне сәйкес тіл пәндерінің студенттері мен оқытушыларын, сондай-ақ жоғары оқу орындарында басқа да мамандықтар бойынша жұмыс жасайтын оқытушларды бір жыл мерзімнен аспайтын оқу курстарына өз ара келісім арқылы жіберіп отырады.