Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2005 ж. 14 қазан)

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Ұжымдық қауiпсіздiк туралы шарт ұйымының жанындағы
Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының
Өкiлетті өкiлi туралы ереженi бекіту туралы

 

ҚР Үкіметінің 2005.14.10. № 1024 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізiлді

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берілiп отырған Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегi Қазақстан Республикасының Өкілетті өкiлi туралы ереже бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкiлетті өкiлi мен оның аппаратын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.

 

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы

N __

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2005 жылғы "__"_______

№ ____ Жарлығымен

Бекiтiлген

 

 

Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының жанындағы

Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының

Өкiлетті өкiлi туралы ереже

 

Осы Ереже Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының (бұдан әрi - ҰҚШҰ) жанындағы Тұрақты кеңестегі Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілінiң мәртебесін және өкілеттігiн белгілейдi.

 

1. Жалпы ережелер

 

1. ҰҚШҰ жанындағы Тұрақты кеңестегi Қазақстан Республикасының Өкілетті өкілін (бұдан әрi - Өкілетті өкіл) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2. Өкілетті өкіл лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшiсiне теңестiріледi.

Өкiлетті өкілге "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының ережелерi қолданылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.