Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 3120 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы (Жоба) (2005 ж. 15 қазан)

Жоба

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
 
Қазақстан Республикасы Президентінің
1996 жылғы 27 қыркүйектегі № 3120 Жарлығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2005.15.10. № 1029 Қаулысымен ҚР Президентінің қарауына енгізiлді

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1996 жылғы 27 қыркүйектегi № 3120 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 38, 355-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:

тақырыбындағы "тәртібi" деген сөз "ережесін бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақтағы "қараудың тәртібі туралы Ережелер" деген сөздер "қарау ережелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі туралы Ережелерде:

тақырыбындағы "тәртібі туралы Ережелер" деген сөздер "ережелерi" деген сөзбен ауыстырылсын:

кiрiспедeгi "(бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "жасалған" деген сөзбен толықтырылсын;

"I, ІІ, ІІІ, IV, V, VI, VII, VIII, IX, Х" деген цифрлар "1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10" деген цифрлармен ауыстырылсын;

мәтiн бойынша "консулдық мекемелерi", "консулдық мекемелер", "консулдық мекеме", "консулдық мекемелерде", "консулдық мекеменiң", "консулдық мекемелердiң" деген сөздер тиiсінше "шет елдердегi мекемелері", "шет елдердегi мекемелер", "шет елдегi мекеме", "шет елдердегі мекемелерде", "шет елдегi мекеменің", "шет елдердегі мекемелердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.