(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 22.11.99 Ж. № 587 БҰЙРЫҒЫ

Қазақстан Республикасында автомотокөлік құралдары мен оларға тiркемелердi
мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудiң тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
1999 ж. 22 қарашадағы № 587 бұйрығы
(ҚР Ішкі істер министрлігінің 30.10.00 ж. № 571; 12.11.01 ж. № 787;
10.12.02 ж. № 775; 13.12.03 ж. № 722; 14.09.04 ж. № 528; 2005.16.03. № 168 бұйрықтарымен
енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2005 ж. 15 қыркүйектегі  енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Жол қозғалысының қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi № 29 Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 тамыздағы № 1206 қаулысын орындау үшiн Бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасында автомотокөлiк құралдары мен оларға тiркемелердi мемлекеттік техникалық байқауды жүргiзудiң тәртібі бекітілсiн (1-қосымша).

ҚР Ішкі істер министрлігінің 10.12.02 ж. № 775; 13.12.03 ж. № 722 (бұр. ред. қара) бұйрықтарымен 2-тармақ өзгертілді

2. Қалалық iшкi iстер басқармаларының, облыстардың Астана және Алматы қалаларының iшкi iстер басқармаларының бастықтары:

1) Жол полициясының бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң Тәртiптi оқуын қамтамасыз етсiн және оны орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын;

2) автокөлiк құралдарының иелерiн (заңды және жеке тұлғаларды) осы Тәртiптiң талаптары туралы ақпараттандыру жөнiнде iс-шаралар жүргiзсiн;

3) осы Тәртiпте көзделген қызметтiк құжаттамалардың бланкілерiн дайындасын және Жол полициясының бөлiмшелерiн олармен жабдықтауды қамтамасыз етсiн;

4) мемлекеттік техникалық байқау жүргiзу кезiнде ұрланған және алып кетiлген көлiк құралдары мен олардың құрамдас бөлiктерiн анықтау жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;

5) Жол полициясының бөлiмшелерiне көлiк құралдарының саны мен олардың мемлекеттік техникалық байқаудан өткендiгi туралы мәлiметтердiң компьютерлiк есебi мен талдауын енгiзудi қамтамасыз етсiн.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.