«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру жөніндегі
ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін
атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 289 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 4 қазандағы № 354 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 287 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34 және 122-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік бағдарламаны iске асыру туралы есептi жасау және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 30 шілдедегі № 289 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2448 болып тіркелді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3201 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 12 қазандағы № 366 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті жасау және беру жөніндегі ережеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есепті:
бюджеттік бағдарлама паспортына сәйкес жеке бюджеттік бағдарлама бойынша;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына немесе бөлінетін бюджеттік бағдарлама есебінен қаражат бөлуді көздейтін жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес үлестірмелі бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшісі жасайды және береді.»;