«Қолданыстағы заңдар бойынша аттестаттау сұрақтарының үлгі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 22 маусымдағы № 191 бұйрығы

«Қолданыстағы заңдар бойынша аттестаттау сұрақтарының
үлгі тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің  2004 жылғы 22 маусымдағы № 191 бұйрығы

 

Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы № 148 бұйрығымен бекітілген Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту ережесінің 8-тармағының негізінде Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н:

1. Қолданыстағы заңдар бойынша аттестаттау сұрақтарының үлгі тізбесі бекітілсін.

2. Заң қызметін ұйымдастыру басқармасы қолданыстағы заңдар бойынша аттестаттау сұрақтарының бекітілген үлгі тізбесін «Заң газеті» және «Юридическая газета» газеттерінде жарияласын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет бірінші вице-министрі И.Д.Меркельге жүктелсін.

 

Министр

О.Жұмабеков

 

Әділет министрінің

«Қолданыстағы заңдар

бойынша аттестаттау

сұрақтарының үлгі тізбесін

бекіту туралы»

2004 жылғы 22 маусымдағы

№ 191 бұйрығымен

Бекітілген

 

 

Қолданыстағы заңдар бойынша аттестаттау

сұрақтарының үлгі тізбесі

 

I. Констнтуция заңнамасы бойынша сұрақтар

1. Қазақстанның мемлекеттік құрылымы.

2. Конституцияның жоғары заңдық күші және оның құқықтық нормаларға тікелей әсері.

3. Қазақстан Республикасындағы меншік, оның құқықтық жағдайы.

4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық

5. Азаматтардың заң және сот алдындағы теңдігі.

6. Тұрғын үй кұқығы.

7. Қазақстан Республикасының Президенті Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциясының кепілі.

8. Қазақстан Республикасының Парламенті Республиканың ең жоғары өкілді органы, мемлекеттік биліктің бір тармағы.

9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің бір тармағы, оның құрылуы мен құзыреті.

10. Қазақстан Республикасының  Конституциялық  кеңесі.  Оны  құру тәртібі және өкілеті.

11. Жергілікті өкілетті және атқарушы органдары. Оларды кұру тәртібі және  өкілеті.

12. Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесі.

13. Қазақстан  Республикасындағы  судьялардың  құқықтық  мәртебесі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.