(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және
олардың бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасының тізіміндегі жеке
санаттарға қойылатын талаптар туралы Қазақстан Республикасы Қаржы
рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы № 63 қаулысы

(ҚР ҚҚА Басқармасының 21.08.04 ж. № 246; 2005.27.11. № 336;

2005.26.03. № 106; 2005.28.05. № 163 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

 

Осы редакция  2005 ж. 30 қыркүйектегі  енгізілген өзгерістеріне дейін  қолданылды

 

"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 89-бабының 1-тармағына және 4-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

1. Осы қаулының мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылатын болып белгіленсін:

1) рұқсат беру бастамашысы - соның бастамасымен бағалы қағаздарды қор биржасына айналысқа жіберуге рұқсат беретін ұйым;

2) маркет-мейкер - қор биржасы маркет-мейкер ретінде таныған және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес бағалы қағаздар бойынша баға белгілеуді тұрақты хабарлауға және қолдап отыруға өзіне міндеттеме қабылдаған қор биржасының мүшесі;

3) қор биржасының ресми тізімі (ресми тізім) - мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен осы бағалы қағаздардың эмитенттері енгізілгенде және болғанда листинг талаптарына сәйкес келетін қор биржасы тізімінің бір бөлігі;

4) листинг компаниясы - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген компания;

5) листинг талаптары - мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен олардың эмитенттерінің осы бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуін және онда болуын қадағалау үшін қойылатын қажетті талаптар;

6) сауда алаңы - қор биржасының қор биржасында айналысқа жіберілген қаржы құралдарының жекелеген түрлерінің көмегімен мәміле жасалатын бағдарламалық-техникалық кешенінің бөлігі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.